Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстандық теннисшілер "Уимблдон" додасынан қанша пайда тапты?

Қазақстандық теннисшілер "Уимблдон" додасынан қанша пайда тапты?


Ұлыбританияда теннистен «Уимблдон-2017» додасы мәресіне жетті. Аталмыш жарыстың жүлде қоры – $41 073 690 құраған.

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткалары Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева жарыс жолына негізгі кезеңде шықты. Ұйымдастырушылардан wild card алған Зарина Дияс та додаға негізгі кезеңде түсті. Аталған теннисшілерден бөлек «Уимблдон-2017» жарысына Александр Бублик пен Александр Недовесов қатысты.

Недовесов іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында британдық Нейл Пауфлейді жеңсе, екінші іріктеу турында канадалық теннисші Питер Поланскиге 5:7, 3:6 есе жіберді.

Александр БУБЛИК — $45 495

Александр іріктеу кезеңінің үш бірдей айналымынан сүрінбей өтті. Алайда қазақстандық теннисшінің негізгі кезеңде жолы болмады. Алғашқы кездесуінде-ақ, өткен жылғы «Уимблдон» додасының жеңімпазы, алаң иесі Энди Марреймен күш сынасты. Үш сетті де британиялық теннисші оңай алды. Есеп – 6:1, 6:4 және 6:2.

Михаил КУКУШКИН — $74 090

Негізгі кезеңнің алғашқы айналымында Михаил жапониялық Таро Даниэлге қарсы өткен тартысты кездесуде жеңіске жетті. 2 сағат 48 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші төрт брэйк және 11 эйс жасаған. Нәтижесінде Михаил Кукушкин 4:6, 6:4, 7:6 және 6:2 есебімен қарсыласынан басым түсті.Екінші кезедесуінде Кукушкин неміс теннисшісі Миша Зверевқе тосқауыл бола алмады – 1:6, 2:6, 6:2, 6:3 и 4:6.

Юлия ПУТИНЦЕВА — $45 495

Путинцева (WTA рейтингінде 43-ші сатыда) «Уимблдон» жарысының алғашқы айналымынан кері қайтты. Бірінші кездесуінде екі сетте латвиялық теннисші Анастасия Севастоваға (WTA рейтингінде 19-шы сатыда) есе жберді — 1:6, 6:7.

Зарина ДИЯС — $116 980

Алғашқы кездесуінде Дияс қытайлық Хань Синьюньді екі сетте жеңді — 6:3, 6:4. Келесі кезеңде аустралиялық Арина Родионованы қапы қалдырған. Есеп — 6:4, 7:6.Зарина Дияс тек үшінші айналымда хорватиялық теннисші Петре Мартичтен айласын асыра алған жоқ — 6:7 (6:8), 1:6
  Пікір: 0
  0