Қазақстандық теннисші Александр Бублик (WTA рейтингісінде 135-інші орында) «Уимблдондағы» жарысты аяқтап, белгілі тұлғалармен кездесіп үлгерді.
20 жастағы қазақстандық спортшыға кембриджтік герцог Уильямның жұбайы Кейт Миддлтонмен кездесу сәті бұйырды. «Кейт Миддлтонмен кездескеніме қуаныштымын. Жылы лебіздеріне рахмет!», - деп жазды Бублик Твиттердегі парақшасында.
Александардың бастапқыда жеребе таңдауда жолы болмады - Энди Марремен (әлемнің бірінші ракеткасы) болған алғашқы айналым матчы үш сетте де британдық теннисшінің жеңісімен аяқталды - 6:1, 6:4, 6:2.
Алайда ойыннан кейін Энди жауын кезіндегі үзіліс уақытында қазақстандық теннисшімен әңгімелескендігін және ол жайлы жақсы әсерде қалғандығын айтып, оның ерекше дарын иесі екендігін мойындаған.
Жарнама