Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Зарина Дияс Уимблдон турниріне wild card алды


Санаулы күндерден кейін Англияның астанасы – Лондонда «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі басталады.  Бұл жарыста Қазақстанның үш теннисшісі бақ сынайды. Олар – Юлия Путинцева, Михаил Кукушкин және Зарина Диас.

Есімдері жоғарыда аталған ойыншылардың алғашқы екеуі әлемдік рейтингте жоғары тұрғандықтан дүбірлі додада бақ сынау құрметіне ие болды. Мәселен, бұл күндері Юлия Путинцева үздіктер тізімінде 43-орынды иеленсе, Михаил Кукушкин 118-орынды еншілеуде. Тұманды Альбион еліне атануға тиіс Ярослава Шведова жарақат алуына байланысты бұл турнирге қатыспайтын болды. Қазіргі кезде ол WTA рейтингінде 49-сатыда тұр. Әлемнің 130-ракеткасы Зарина Диас болса, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы шақырту қағазына, яғни wild card-қа ие болды.

"Уимблдонға" қатысушы қазақстандық теннисшілердің қатары алдағы күндері тағы да толығуы мүмкін. Қазіргі кезде екі бірдей жерлесіміз іріктеу сынында табысты өнер көрсетуде. Олар – Александр Бублик пен Александр Недовесов. Екеуі де алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті. Бұл бәсекеде Бублик  испаниялық Даниэль Гимено-Траверге тізе бүктіріп, енді австралиялық Блэйк Мотпен кездеді. Ұлыбританиялық Нейл Паффлиден басым түскен Недовесов бүгін канадалық Питер Поланскимен күш сынасады.
  Пікір: 0
  0