"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси испаниялық Marca нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанды, ал туриндік "Ювентус" сұрмергені Криштиану Роналду төртінші орынды қанағат тұтты, - деп хабарлайды
РИА Новости.
Басылымның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, екінші орынды "Алтын доп - 2018" иегері атанған "Реал" жартылайқорғаушысы Лука Модрич, ал үздік үштікте мадридтік "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн көрінді.
2018 жылы жазда "Реалдан" "Ювентуске" ауысқан Роналду төртінші орында тұр. Үздік ондықта мынадай футболшылар бар: Килиан Мбаппе (шабуылшы, "Пари Сен-Жермен"), Мохамед Салах (шабуылшы, "Ливерпуль"), Эден Азар (жартылайқорғаушы, "Челси"), Рафаэль Варан (қорғаушы, "Реал"), Харри Кейн (шабуылшы, "Тоттенхэм"), Кевин де Брёйне (жартылайқорғаушы, "Манчестер Сити").
Жарнама