Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Леоның жүрегі". "Барселона" Мессиге арнап мультфильм шығарды
"Барселона" футбол клубы Лионель Мессидің өмір жолына арнап, "Леоның жүрегі" атты мультфильм шығарды. 5 минутқа жетер-жетпес туындыда футболшының мансап жолы баяндалған.
Мультфильмде футболшының кішкентай кезінде денсаулығынан кінәрат табылғаны (11 жасында оның ағзасынан соматотропин – өсу гормонының жетіспеушілігі байқалды), арманшыл жастың "Барселонаға" сапар шегуі, қиын сәттерде кешегі өзі рух беретіні тамаша көрініс тапқан.
Туынды "адамда арман болса, оны ешкім тоқтата алмайды" деген идеяны негізге алған. Месси футболшы боламын деген арман жолында өз мақсатына жетеді.
Орыс тілінде:
Айта кетейік, қазір Месси Аргентина құрамасымен бірге 6 күннен кейін Ресейде басталатын әлем чемпионатына дайындалуда. "D" тобында Исландия, Хорватия және Нигерия құрамасымен ойнайды. Алғашқы матч 16 маусымда Исландия құрамасымен өтеді.
Жарнама