Бразилиялық жартылай қорғаушы
Филиппе Коутиньо "Барселона" сапындағы алғашқы голын соқты. Испания кубогы аясындағы "Валенсияға" қарсы ойынның екінші таймында алаңға шыға сала мергендігімен көзге түсті.
Бірінші ойында "Барселона" 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Түнде өткен қарымта кездесуде 2:0 есебімен ұтты. Ойындағы екінші голды 82 минутта
Иван Ракитич соқты.
Каталондық клуб финалда "Севильямен" ойнайды.
Айта кетейік, Филиппе Коутиньо "Барселона" сапын осы қысқы маусымда толықтырды.
Жарнама