Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Барселона" колумбиялық қорғаушыны қатарына қосты

Футболшы "блауграна" сапына Бразилияның "Палмейрас" командасынан ауысып келді.


fcbarcelona.com, La Red
fcbarcelona.com, La Red
"Барселона" футбол клубының қатары колумбиялық қорғаушы Йерри Минамен толықты. Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.

Футболшы "блауграна" сапына Бразилияның "Палмейрас" командасынан ауысып келді. Трансфер құны 11,8 миллион еуроны құрады. Команда ойыншымен 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойған.

Йерри Мина жайлы команда ерекше ақпараттарды топтастырып жанкүйерлеріне ұсынды. Олай болса колумбиялық қорғаушы туралы біле жүріңіздер.

1. Футболшы "Барселона" сапында ресми ойынға қатысатын алғашқы колумбиялық ойыншы болмақ. 1964 жылы "блауграна" командасында Лауро Москера болғанмен, ресми ойындарға қатыспаған.

2. Йерри "Барселонадағы" ең бойшаң футболшы атанып отыр. Оның бойының ұзындығы – 195 см. Жерар Пикенің бойы – 194 см, Серхио – 189, Андре Гомештің бойы 188 см екен.

3. Мина қазіргі Испания чемпионатында доп теуіп жүрген 10-шы колумбиялық футболшы болмақ. Ла лигада қазір Карлос Бакка ("Вильярреал"), Хуанхо Нарваес ("Бетис"), Луис Муриэль ("Севилья"), Даниэль Торрес ("Алавес"), Джефферсон Лерме ("Леванте"), Джейсон Мурильо ("Валенсия"), Бернардо Эспиноса, Йохан Мохика және Марлос Морено (үшеуі де – "Жирона") секілді колумбиялық ойыншылар бар.



4. Қорғаушы Колумбия құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2016 жылы өткізді. Одан бергі аралықтар 9 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

5. 23 жастағы футболшы кәсіби мансабындағы әр клубта әртүрлі нөмірмен алаңға шыққан. "Депортиво Пастада" – 3, "Санта Феде" – 26, "Палмейраста" – 13, ал Колумбия құрамасында 16-шы нөмірлі жейдемен ойнайды.

6. Мина бастапқыда қақпашы болған. Кейіннен орталық қорғаушыға орнын алмастырған.

7. Йерри Минаның атасы мен әкесі де футболшы. Екеуі де қақпашы болған. Әкесі Йерриге отбасылық дәстүрді бұзып, қорғаушы болуына кеңес берген.

8. Футболшы 2016 жылы туған өлкесі Гуаченде қайырымдылық қорын құрған. Бүгінде бұл қордан 2000-ға жуық адам көмек алады екен.

Айта кетейік, каталондық клуб жақында ғана бразилиялық футболшы Филиппе Коутиньоны ағылшынның "Ливерпуль" футбол клубынан сатып алған болатын. "Барселона" басшылығы бұл ойыншымен 5,5 жылға келісімшартқа қол қойды.
  Пікір: 0
  0