auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Испания чемпионатында "Барселона" "Реалдан" 16 ұпайға озды

Испания чемпионатында "Барселона" "Реалдан" 16 ұпайға озды
Футболдан Испания чемпионатының ХVIII тур ойындары аяқталды. Көш басындағы каталондық "Барселона" мадридтік "Реалдан" 16 ұпайға озды.

ХVIII турда "блауграна" өз алаңында "Левантемен" ойнап, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Команда сапында Лионель Месси, Луис Суарес және Паулиньо гол соқты.



Мадридтік "Реал" сырт алаңда "Сельтамен" тең түсті. Ойында 2:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапынан Даниэль Васс (33 минутта) пен Максимилиано Гомес (82 минутта) гол соқса, "корольдік клуб" қатарынан Гарет Бэйл (36 және 38 минутта) дубль жасады. Сондай-ақ 72 минутта "Сельта" сапынан Яго Аспас пенальти орындай алмады. Оның тепкен добын қақпашы Кейлор Навас сәтті қайтара білді.



Испания ла лигасының (чемпионаты) осы маусымында "Барселона" әлі ұтылған жоқ. 15 ойында жеңіске жетіп, 3 рет тең түсті. Екінші орында тұрған мадридтік "Атлетикодан" 9 ұпайға озып келеді. 32 ұпайы бар "Реалдың" еншісінде әлі бір артық ойыны бар.

ХVIII тур ойындарының нәтижелері

6 қаңтар

"Атлетико Мадрид" – "Хетафе" 2-0
Гол соққандар: Корреа 18, Диего Коста 68

"Валенсия" – "Жирона" 2-1
Гол соққандар: Хонас 27, Парехо 48, - Мансанера 8

"Лас-Пальмас" – "Эйбар" 1-2
Гол соққандар: Хонатан 32 – Орельяна 73, Серхио 77

"Севилья" – "Бетис" 3-5
Гол соққандар: Бен Йеддер 13, Кьяер 40, Ленгле 67, - Руис 1, Феддаль 21, Дурмиси 63, Леон 65, Тельо 90+6

7 қаңтар

"Леганес" – "Реал Сосьедад" 1-0
Гол соққан: Пирес 75

"Барселона" – "Леванте" 3-0
Гол соққандар: Месси 12, Суарес 38, Паулиньо 90+3

"Вильярреал" – "Депортиво" 1-1
Гол соққандар: Унал 30 – Андоне 84

"Атлетик Бильбао" – "Алавес" 2-0
Гол соққандар: Эчейта 8, Адурис 64

"Сельта" – "Реал" 2-2
Гол соққандар: Васс 32, Гомес 82 – Бэйл 36, 38

Бүгін түнде "Малага" мен "Эспаньол" клубтары арасындағы ойын өтеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 тамыз 2023, 10:12
Испания
©twitter.com/FCBarcelona "Барселона" ПСЖ-ға "соғыс" ашады

Жарнама

Жарнама