auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Коутиньо ресми түрде "Барселонаға" ауысты

Коутиньо ресми түрде "Барселонаға" ауысты
Бразилиялық футболшы Филиппе Коутиньо ағылшынның "Ливерпуль" футбол клубынан Каталонияның "Барселона" командасына ауысты. Бұл туралы испандық клубтың ресми сайты хабарлады.

Жартылай қорғаушы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі 5 жылға жоспарланып отыр. Бұл келісім бір себептермен бұзылған жағдайда бас тарту құны 400 миллион еуроға белгіленген.

Каталондық клуб Коутиньоны алғаны үшін ағылшындық клубқа 160 миллион еуро төлейді. Келісімшарт бойынша алғашында 120 миллион еуро, кейіннен 40 миллионды қосымша аударады. Нәтижесінде бразилиялық футболшы трансфер құны бойынша футбол тарихындағы ең қымбат ойыншылардың үштігіне еніп отыр.

Филиппе Коутиньо мерсисайдтықтар сапына 2013 жылы Миланның "Интер" клубынан ауысып келді. Трансфер құны 8,5 миллион фунтты құраған болатын.

2017/18 жылғы маусымда Филиппе Коутиньо "Ливерпуль" сапында  20 ойын өткізді. 12 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Ағылшындық клубтың бас жаттықтырушысы Юрген Клопп футболшыны командада алып қалу үшін талай рет талпынғанын жасырған жоқ.

- Мен "Ливерпуль" клубының жанкүйерлеріне Коутиньоны командада алып қалу үшін барымызды салғанымызды айтқым келеді. Ол 100 пайыз "Барселонаға" кететініне сенімді болды. Каталондық клубқа ауысу – оны арманы екен. Біз алып қалу үшін тырысқанмен, көзқарасын өзгерте алмадық.

Филиппе 5 жыл ішінде "Ливерпульге" көп көмегін тигізді. Осындай талантты ойыншыны өзге командаға жіберу бізге де оңай болмай тұр. Оның алдағы мансабына сәттілік тілейміз.

Команда жанкүйерлері футболшының кеткеніне өкпелі екені жасырын емес. Мұндай жағдай футболда жиі болып тұрады. Себебі әр адамның өз арманы мен мақсаты бар.

Коутиньо кеткенмен, команда одан әрі дамып, "Энфилд" жанкүйерлеріне жарқын жеңістер сыйлау үшін тер төгетін болады, - деді жаттықтырушы мерсисайдтық клубтың ресми сайтында.

Филиппе дүйсенбі күні "Барселонаның" медициналық тексерілімінен өтетін болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 тамыз 2023, 10:12
Испания
©twitter.com/FCBarcelona "Барселона" ПСЖ-ға "соғыс" ашады

Жарнама

Жарнама