"Барселона" футбол клубының жас талантты ойыншысы
Матеу Морей Мюнхеннің "Бавария" командасына ауыспақ. Қазіргі таңда қос тарап келісіп үлгерген.
17 жастағы жас ойыншының мюнхендік клубқа ауысуына клуб жанкүүйерлері қарсылық білдіруде. Дегенмен "Бавария" командасы ойыншыны алатынын әлі растаған жоқ.
Матеу Морей "Барселона Б" командасында ойнайды. Сондай-ақ "Барселона" (U-19) командасымен жасөспірімдер арасындағы УЕФА лигасына қатысқан.
17 жасқа дейінгі Испания құрамасы сапында 2017 жылғы Еуропа чемпионатында үш гол соққан.
Жарнама