auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жазда "Барселонадан" кететін 10 футболшы

Жазда "Барселонадан" кететін 10 футболшы
sport.es
Испанияның sport.es сайты осы жазда "Барселона" командасы сапынан кететін 10 футболшының тізімін шығарды. Сондай-ақ олардың кету жағдайын пайызбен де мөлшерлеген.



Клубтан 100% кетеді деген футболшылардың бірі – Дуглас. Соңғы маусымда Хихонның "Спортинг" клубында уақытша ойнаған ойыншыны команда сатылымға шығарды. Каталондық клубпен келісімшарты 2019 жылға дейін жоспарланған.

"Барселонадан" кетуі мүмкін ойыншылардың бірі – Томас Вермален. Жаңадан келген бас жаттықтырушы Эрнесто Вальверде де қорғаушыға сенім артып отырған жоқ. Команда ойыншыны ағылшынның "Уотфорд" клубына сатуды жоспарлап отыр.

Осы жазда өзге командаға ауысатын футболшылардың бірі – Мунир Эль-Хаддади. Шабуылшыны "Валенсия" сатып алғысы жоқ. Сондықтан каталондық клуб басшылығы ойыншыны "Аяксқа" сатуы мүмкін.

Италияның "Фиорентино" клубында уақытша ойнап жүрген шабуылшы Кристиан Тельоні команда келісімшарты аяқталмай тұрғанда сатуды көздейді. Келісімшарты осы жылы аяқталады.

"Барселонадағы" түрік футболшысы Арда Туранның өзге командаға ауысу жағдайы 80 %-бен мөлшерленген. Команда ойыншыны 30 миллион еуроға сатып, пайда тапқысы келеді. Ойыншыны "Галатасарай", "Арсенал" немесе қытайлық командалардың бірі сатып алуы мүмкін.

Эрнесто Вальверде жартылай қорғаушы Серхи Самперді де команда құрамында алып қалуға ниетті емес. Ойыншы жақын уақытта өзге командаға уақытша немесе біржола кетуі мүмкін.

"Барселонада" бағы жанбаған ойыншылардың бірі – Жереми Матье. Қазіргі таңда бұл қорғаушыға Грекия, Португалия және Түркия командаларынан ұсыныстар түскен.

Қазіргі таңда каталондық клуб оң қапталда ойнайтын қорғаушы іздеуде. Егер клуб басшылығы белгілеген көлемдегі қаржыға ойыншы табылса, Алейш Видаль өзге командаға ауысатын болады.

"Барселонада" жарақатына байланысты негізгі құрамда көп ойнамаған футболшылардың бірі – Рафинья. Қазіргі таңда ойыншыны "Ливерпуль", "Рома" және "Валенсия" командалары өз қатарларында көргісі келеді. Дегенмен каталондық клуб футболшы үшін 30 миллион еуро сұрауда.

Каталондық ұжымнан өзі кеткісі келіп жүрген ойыншылардың бірі – Люк Динь. Француз футболшысы 2018 жылғы әлем чемпионатына дейін тәжірибе жинап, ұлттық құрамының негізгі ойыншысы болғысы келеді. Ойыншыға "Лион" (Франция) командасы қызығушылық танытуда.

Айта кетейік, осыған дейін каталондық клубтың көшбасшысы Лионель Месси командада көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасаған еді. Ол қорғаушы Эктор Бельерин ("Арсенал") мен жартылай қорғаушы ретінде Марко Вератти ("ПСЖ") және Бернарду Силваның ("Манчестер Ситиді" таңдады) келгенін қалайды. Ал плеймейкер қызметін Филиппе Коутиньо ("Ливерпуль") атқара алатынына сенімді. Бірақ ағылшындық клуб өз ойыншысын сатпайтынын мәлімдеп үлгерді. Шабуыл шебіне Килиан Мбаппенің ("Монако"), болмаса Усман Дембеленің ("Боруссия Дортмунд") келгенін жөн санайды.

"Барселона" шілде айында АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізіп, турнир аясында бірнеше ойындар өткізеді. Ойындар кестесі төмендегідей:

23 шілде. "Барселона" — "Ювентус" ("Метлайф-Стэдиум", АҚШ)

27 шілде "Барселона" — "Манчестер Юнайтед" ("Федэкс-филд", АҚШ)

30 шілде "Барселона" — "Реал" Мадрид ("ХаркРок- Стэдиум", АҚШ)
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 тамыз 2023, 10:12
Испания
©twitter.com/FCBarcelona "Барселона" ПСЖ-ға "соғыс" ашады

Жарнама

Жарнама