Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Шөгеннен екінші рет ұйымдастырылған ел чемпионаты аяқталды

Жарыстың жүлде қоры 2 миллион теңге болатын.


ҚР шөген қауымдастығы
ҚР шөген қауымдастығы
Тамыздың 11-і мен 13-і  аралығында Алматы облысының Талғар ауданындағы ат спорты кешенінде өткен шөгеннен ІІ  Қазақстан  чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шөген қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Үш күнге созылған ел біріншілігінде алты команда бақ сынады. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерациясының командасы, Ақмола облысы шөген федерациясының командасы, Аққия шөген клубы, Әулиеата шөген клубы, «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары.

Жарыста үшінші орын үшін таласта Әулиета шөген клубы мен Ақмола облысы шөген федерациясының командалары өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен кездесуде 2-1 есебімен былтырғы чемпиондар Әулиеата шөген клубы жеңіске жетті.

Финалда «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары чемпиондық атаққа таласты. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қос командада жиналғандардың делебесін қоздырды. Қорытынды есеп 6-4. «Astana polo club» командасының пайдасына шешілді.



Сондай-ақ чемпионаттың «үздік ойыншы» номинациясына «Almaty polo club»  командасының капитаны Қуаныш Мұсабековке бұйырды. Ал, «үздік поло пони» болып «Маусым» атты сәйгүлік танылды. Тиісінше Аққия шөген клубы 5 орынға ие болса, Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерацисының командасы 6 орыннан көрінді.

Жарыстың жүлде қоры 2 миллион теңге болатын. Жарыс жеңімпаздары 1 миллионға ие болса, ІІ орын алған «Almaty polo club» командасы 600 мың теңге, Әулиета шөген клубы 400 мың теңге сыйақыға ие болды.
  Пікір: 0
  0