Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель орта салмақта осы ұйым белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 KO) пен IBF белбеуінің бұрынғы иегері канадалық Давид Лемье (38-3, 33 KO) арасындағы кездесуді кейбір жайттары туралы айтып берді. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлайды.
Бұған дейін WBO бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жекті өтуін міндеттеген болатын. Валькарсель айтуынша, екі боксшының командасы жекпе-жекті өткізу туралы келісімге 9 қарашаға дейін келісімге келуі керек. Кері жағдайды жекпе-жек бәссаудаға қойылады.
Еске салайық, мұның алдында Лемьенің менеджері, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес оған WBO кеңесінен хат келгенін және онда Лемьенің Сондесрпен жекпе-жегін өтуін міндеттелгенін хабарлаған еді.
Айта кетейік, Лемье мен Сондерс өткен айда әлеуметтік желіде сөзге келіп қалған еді. Боксшылар бұған дейін жекпе-жекті ұйымдастыра алмағанын айтып, бір-бірін қорқап деген болатын. Соңында Сондерс Лемьеге жекпе-жеті Ұлыбританияда өткізуді ұсынды.
Содан соң Лемьенің өзі келесі кездесуін 2 желтоқсан күні өткізетінін хабарлады. Оның қарсыласы бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері, 36 жастағы пуэрторикалық Мигель Котто (41-5, 33 КО) болуы мүмкін болады делінген. Өйткені, Котто да өзінің келесі кездесуін 2 желтоқсан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden спорт кешенінде өткізеді.
Бірақ кейіннен Лемьенің келесі жекпе-жегі 16 желтоқсан күні Лаваль қаласында өтетіні белгілі болды. Оның қарсыласы америкалық боксшылар кіші Хьюго Сентено (26-1, 14 KO) немесе Джеймс Киркланд (32-2, 28 KO) болуы мүмкін.
Ал Сондрес болса, промоутері Уорреннің айтуынша, ол шаршы алаңға 9 желтоқсан күні Лондондағы Copper Box спорт кешенінде өткізеді екен. Қыркүйек айының ортасында Билли осы жерде америкалық кіші Вилли Монроны жеңіп, белбеуін қорғап қалды.
Жарнама