Тағы бір қазақстандық боксшы кәсіпқой боксқа ауысты

Сурет: boxingkings.ch
Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы талантты қазақстандық боксшы Евгений Павловпен келісімшартқа отырғанын хабарлады. 

Петропавл қаласының тумасы бокстан және кибоксингтен Қазақстанның спорт шебері. Олимпиада ойындарының чемпионы Безат Саттарханов атындағы турнирдің жеңімпазы. Сондай-ақ ол 2019 жылы халықаралық "Бокс корольі" турнирінің күміс жүлдегері. 



"Кәсіпқой бокста керемет жеңіске жетесің деген сенімдеміз. Әлем чемпионы атану үшін біздің команда саған соңына дейін көмектеседі", - делінген промоушен таратқан хабарламады. 

Айта кетейік, бұған Suleimen Promotions компаниясымен Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді мықты боксшылар келісімшарт жасаған. 




Метки:
Жаңалықтар