auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Sky Sports телеарнасының атқарушы продюсері "Канело" - Головкин кездесуі өтпей қалуы мүмкін екенін айтты

Sky Sports телеарнасының атқарушы продюсері "Канело" - Головкин кездесуі өтпей қалуы мүмкін екенін айтты
©: boxingscene.com
Sky Sports телеарнасының атқарушы продюсері Адам Смит Fighthype.com порталына берген сұқбатында орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу өтпей қалуы мүмкін екенін айтты. 

- Қазіргі уақытта "Канело" мен Головкин арасындағы кездесудің билеттерін сатып алған көрермендер қайтарып береді дегенге қалай қарайсыз? Екінші кездесудің өтпей қалуы мүмкіндігі қандай?

- Менің ойымша, кездесу өтпей қалуы мүмкін. Өйткені, жекпе-жекке тым аз уақыт қалды. Ал қазіргі болып жатқан жағдайлар қуантарлық емес. Шындыққа тура қарайықшы - спорттың бұл түрінде допингке орын жоқ. Бұл жағдайда айтылмаған біраз әңгіме бар. Қарапайым жанкүйер оны ешқашан біле алмайтын шығар. 

Егер "Канело" расымен допинг қабылдаған болса, онда бұл шынымен келеңсіз жағдай. Егер допинг байқаусызда түсетін болса, онда кешіріммен қарауға болады. Бірақ бір рет допингпен ұсталған адам ешқашан кінәсін толық жуып-шая алмайды. 

Жеке өз басым Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесуге тамашалағым келеді. Барлығы екінші кездесуді асыға күтті. Мен де. Бірінші кездесу туралы айтатын болсам, менің ойымша, Головкин сенімді түрде жеңіске жетті. Дегенмен бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу өту үшін барлық жағдай жасалды. 

Енді мен бұл жекпе-жек өтеді деп ойлаймын. Өйткені, әлі ештеме шешілмеді. Сондай-ақ өтпейді деп те айта алмаймын. Себебі, бұл кездесу үшін көп қаржы жұмсалды. Мүмкін жуық арада өтетін де шығар. 

Ал Головкин кіммен жұдырықтасады? Дэнни Джейкобс пе? Ол бір аптаның ішінде бабына келе алады ма? Билли Джо? Шымымды айтсам, білмеймін. Бірақ расымен "Канело" - Головкин кездесу өтпейді деп ойлаймын. 



Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама