"Реал Мадрид" қорғаушысы Франция құрамасында ойнаудан бас тартты

«Реал Мадрид» клубының қорғаушысы Ферлан Менди Франция құрамасының қараша айындағы ойындарына қатыспайды.

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Мендиді құрамаға шақырғысы келген. Алайда, оған үйреншікті сол қапталда емес, оң қапталда ойнауды ұсынған.

Мұның басты себебі - Франция құрамасының сол қапталында Лукас Эрнандес, Люка Динь секілді ойыншылар бар. Ал оң қапталда өнер көрсететін Бенжамен Павар жарақат алып қалған.

Бірақ Ферлан бұл ұсыныстан бас тартты. Ол оң қапталда ойнауға ықылас таныта қойған жоқ. Оның үстіне кішігірім жарақаты болған. Сол үшін Мадридте қалып, Ла лиганың келесі турына дайындалуда.
Метки:
Жаңалықтар