Орта салмақта WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кездесуге болжам жасады. Оның ойынша, Головкинге жеңіске жету үшін 12 раунд жұдырықтаспау керек екен.
"Егер жекпе-жек 12 раундқа жалғасып, жеңімпазды төрешілер анықтайтын болса, кездесу "Канелоның" пайдасына аяқталады. Головкин жеңгісі келсе, нокаутқа түсіруі керек. Бұл жекпе-жекке қатысты осыны ғана айта аламын", - дейді британдық боксшы Behind the Gloves басылымына берген сұқбатында.
Еске салайық, бұған дейін Уоррен Сондерстің келесі жылғы басты мақсаты - орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіру екенін айтты. Ал аптаның басында Сондерстің Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің андеркартында шаршы алаңға шығатыны туралы жазылған еді.
Жарнама