Нокаутпен жеңілген Жүкембаев IBF рейтингінде үздік ондықтың қатарынан шығып қалды

Сурет: IBF

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингі шықты. Жаңа рейтингте Батыр Жүкембаев үздік ондықтың қатарынан шығып қалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев жаңа тізімде 14-орынға түскен. Ал 29 мамыр күні отандасымыздың жеңген Сабриэль Матиас болса екінші орында. Автралиялық боксшы Лиам Паро болса үшінші сатыда. Бұл салмақта рейтингтің бірінші орыны бос. Ал чемпиондық атақ британдық Джош Тэйлорға тиесілі. 

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Айбос Ербосынұлы рейтингте төртінші орында қалған. Аталған салмақта бірінші және екінші орын бос. Ресейлік Евгений Шведенко үшінші тұрса, чемпиондық атақ америкалық Калеб Плантта. 

Орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов оныншы. Қанат Ислам он бесінші сатыда. Бұл салмақтың чемпионы Геннадий Головкин. 

Данияр Елесінов жартылай орта салмақтың рейтингінде сегізінші сатыда. Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер (АҚШ) және Мэнни Пакьяо (Филиппин) алғашқы үштікте. Чемпиондық атақ Эррол Спенске тиесілі. 

 

 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар