auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Миллиардтық жоба" Головкинге акциялары мен жекпе-жектерін ұсынды

"Миллиардтық жоба" Головкинге акциялары мен жекпе-жектерін ұсынды
© reviewjournal.com

Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік сервиспен келісімшартқа отыруға дайын. Бұл жайлы The Ring және FOX Sports журналисі Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл келісімшарт Головкинге боксшы және промоутер ретінде ұсынылды. Ол DAZN компаниясының акционері болуы мүмкін.

 

"Индустрия дереккөздерінің мәліметінше, Головкин және DAZN таяуда бірнеше жекпе-жек өткізу үшін келісімшартқа отыруы әбден мүмкін. Алғашқы уақытта жекпе-жектердің саны - үшеу, бірақ оған тағы үш жекпе-жек қосылады. Бұл келісімшартта Головкинге компанияның акциясы және GGG Promotions үшін жекпе-жектің нақты белгіленген мерзімдері көрсетілген", - деді Майк Коппинджер Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, қаңтарда Лос-Анджелесте бір күнде Головкин екі промоутерлік компания өкілдерімен кездескен болатын. Олар - DAZN және Premier Boxing Champions (PBC) жобасы, соңғысы Showtime және FOX арналарында жекпе-жектер көрсетілімін ұйымдастырады.

Осыған дейін Головкин бокс нарығынан кеткен HBO телеарнасының қолдауымен өнер көрсеткен болатын. Бұл телесеріктеспен Головкин 2012 жылдан бері шаршы алаңда өнер көрсетті.

Ал 2018 жылы DAZN бір миллиард долларға сегіз жылға ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған еді. Енді ол бір жылда 32 жекпе-жек ұйымдастыруы тиіс. Бұл келісімшарт бокс тарихында үлкен келісімдердің бірі атанды.

Еске салайық, Головкин соңғы жекпе-жегін қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) екінші мәрте кездесіп, жеңіліс тапқан болатын. Бірінші жекпе-жекте олар тең түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасында бірінші рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылып қалған еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама