auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Менде үнемі қосалқы жоспар болатын. Бірақ бұл жолы жоқ - Леффлер Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің өтпей қалуына байланысты пікір білдірді

Менде үнемі қосалқы жоспар болатын. Бірақ бұл жолы жоқ - Леффлер Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің өтпей қалуына байланысты пікір білдірді
©:vk.com
Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер Майкл Монтероға берген сұқбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесу туралы ойымен бөлісті. 

17 және 20-ақпан күндері допинг сынамасының оң болуына байланысты қазіргі уақытта Альварес Невада штатаның Атлеттер комиссиясының шешімі бойынша уақытша жекпе-жектерден шеттетілді. Бірақ мексикалық боксшының командасы рұқсат етілмеген дәрумен "Канелоның" қанына бұзылған ет арқылы түсті деп ақталып отыр. Оның ісіне байланысты тыңдалым 18-сәуір күні өтеді. 

- Мен қазір сіздің көп нәрсе айта алатыныңызды білемін. Бірақ сіздің ойыңызша алдағы уақытта жекпе-жекке қатысты қандай жаңалық болады? Егер келесіз жағдай болса, сіздерде қосымша жоспар бар шығар? Менің білуімше, Билли Джо Сондрес кездесуге дайын. Бірақ ол тек маусымнан кейін ғана жұдырықтаса алады. Мүмкін басқа боксшылар бар шығар? Мысалы,Тореанл Джонсан.

- Жекпе-жектің өтуі көп нәрсеге байланысты болады. Бірінші кезекте біз "Канеломен" кездескіміз келеді. Мен әрқашан қосалқы жоспарым бар. Бірақ бұл жолы мен ештеңе дайындаған жоқпын. Себебі, бұл кездесу біз үшін аса маңызды еді. Жалпы бұл кездесудің мәселесі осындай қиын жағдайға қалады деп кім ойлаған. Барлығы Синко де Майо мен GGG - "Канело" кездесуін күтті. Бірақ барлық нәрсе болуы мүмкін. Енді біз Комиссияның не істейтін күтіп, олардың тергеуін бақылап жатырмыз. 

GGG қазір жаттығу залында. Нағыз бабына келіп жатыр. Ол өткен аптада спарринг өткізе бастады. Шынымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Біз жекпе-жек болатын шығар деп сенеміз. Егер кездесу болмайтын болса, ары қарай не істейтінімізді шешіп алуымыз керек. Мен Эрик Гомеспен бұл жағдайдың жақсы аяқталуы үшін күнде сөйлесемін. 

- Головиннің "Канело" туралы аузын ашпасын жанкүйерлері туралы не ойлайсыз? Геннадий "Канело" мен Оскарды алаяқтар деп еді. Ол барлығын айыптап, лаңкес деп айыптап еді. 

- Шеттету туралы айтатын болсақ - дәрумен еттен түсті дейді. Бірақ шынында олай емес қой. Комиссияның өз ережелері бар. Егер олар құр сөзге назар аударатын болса, менің айтқандарымды да назарға алсын. Олардың өз ережесі бар. Иә, Геннадий ашық айтты. Бірақ промоушн өткен апта бойы өте белсенді болды. Содан соң Головкин өз ойын айтты, ал "Канело" Instagram парақшасында жауап берді. 

- Егер жекпе-жекті "Канелоның" жаза мерзімі аяқталатын алты айға ауыстырса, яғни Мексиканық Тәуелсіздік күніне, бұған не дейсіздер?

- Мен алдымен Головкиннің өзі нені қалайтынын біліп алғым келеді. Ол қазір жаттығудың бел ортасын келді. Барлықтарыңыз білесіздер, олар жекпе-жек өткізгісі келеді. Тіпті бір жылда төрт рет кездесу өткізген кездер де болды. Ал Джейкобс мен "Канелоға" қарсы кездесуде біз басқа кісілердің кінәсін ұзақ созып жібердік. Мен онымен Эрик Гомеспен және Golden Boy компаниясының басшыларымен сөйлесіп, жағдайдан шығудың жақсы жолын табуға тырысамын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама