Маман "Канеломен" жекпе-жекте Головкин жарақат алғанын айтты

©twitter.com/GGGBoxing

Вoxingnews24.com порталының авторы Крейг Дэли мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) жекпе-жек кезінде Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жарақат алып қалды деп топшылады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Себебі, жекпе-жектің соңына қарай қазақстандық боксшы тек сол қолымен соққы жасаған. 

"Мұқият қарасаңыздар, сегізінші раундтан кейін Головкин тек сол қолымен ғана соққы жасады. 

Ал чемпиондық раундтарда 40 жастағы боксшы ауыр соққыларын да сол қолымен бағыттады. Оң қолымен соққыны ара-тұра қосып отырды. 

Головкиннің оң қолының соққысы қандай мықты екенін жақсы білеміз. Алайда "Канелоға" қарсы кездесуде ол оң қолының соққысын көп қолданбады. Осыдан кейін мен GGG жекпе-жек барысында оң қолынан жарақат алды деген ойға келіп отырмын. 

Өзінің басты қаруынсыз Головкинде супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы "Канелоны" жеңетін ешқандай мүмкіндік болмады", - деп жазады автор өз мақаласында. 

Айта кетейік, Головкин 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте "Канелодан" төрешілер шешімі бойынша жеңілді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар