Қазақстандық боксшы WBO International белбеуі үшін жұдырықтасатын болды

©instagram.com/meiirim.nursultanov/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 KO) келесі кездесуінде WBO International белбеуі үшін таласады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшының келесі айқасы 22 қаңтар күні өтеді. Оның қарсыласы ресейлік Андрей Сироткин болады. Сироткин кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, 19-да жеңіске жетіп, бір кездесуде жеңілген. Соңғы кездесуін ресейлік боксшы сәуір 14 сәуірде өткізіп, британиялық Данни Дигнумен тең түсті. 

Ал Нұрсұлтанов болса кейінгі айқасын 6 қараша күні Ақтау қаласында өткізіп, беларусь боксшысы Дмитрий Атракаудан айласын асырды. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінің андеркартында әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға шығады. Сонымен қатар, жарақатына байланысты бірнеше жыл өнер көрсетпеген Бекман Сойлыбаев та жекпе-жек өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар