auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық боксшы Головкиннің салмағында чемпиондық белбеуге өткен кездесуде жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Головкиннің салмағында чемпиондық белбеуге өткен кездесуде жеңіліп қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International белбеуі үшін өткен кездесуде мексикалық Хуан Карлос Рэйгоседен (16-15-3, 6 КО) жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жекпе-жек Мехико қаласында өтіп, 12 раундтқа созылды. Кездесудің қорытындысы бойынша, отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

Бұл 34 жастағы Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі. Осыған дейін боксшымыз сегіз мәрте жеңіске жетіп, бір рет тең түскен еді. Ал 30 жастағы Рэйгоса болса 16 жеңісіне қол жеткізді. Ол 15 рет жеңіліп, бір рет тең түскен. 

Елеусінов үшін бұл Мексика жеріндегі екінші жекпе-жегі еді. Бұған дейін ол 2019 жылдың ақпан айында осы елде жұдырықтасып, жеңіске жеткен. Жалпы ол кәсіпқой боксқа 2014 жылы ауысқан. 

Рэйгоса болса кәсіпқой бокс шаршы алаңында 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол 2018 және 2019 жылдары үш рет Канадада жұдырықтасып, қалған кездесулердің барлығын өз отанында өткізген. 

Айта кетейік, WBC International белбеуі канадалық Стивен Батлер (28-2-1, 24 жапон жігіті Риота Муратадан (16-2, 13 КО) жеңіліп қалғаннан кейін бос қалды. Жапониялық боксшы бұл белбеуді еншіленуден бас тартты. 

Еске салайық, дәл осы орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин өнер көрсетеді. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама