"Канелоның" Сондерске қарсы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: instagram.com/canelo/

Екінші орта салмақта WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) пен осы салмақта WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) арасындағы кездесу 8-мамыр күні өтеді. Бұл туралы америкалық тілші, әрі инсайдер Майк Коппинджер хабарлады. 

Оның ақпараты бойынша, екі боксшының командасы келісімге келіп қойыпты. Жекпе-жек DAZN платформасында өтеді. Бірақ айқастың нақты қайда болатыны әлі белгісіз. 

Бұл кездесудің алдын 27-ақпан күні "Канело" WBC белбеуінің міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырымға (21-2,1 2 КО) қарсы кездесу өткізу керек. 

Еске салайық, бұған дейін Альварес Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирнмен екі кездесуге келісімшарт жасаған болатын. Осы екі кездесуден кейін ол қазақстандық Геннадий Головкиннен (41-1-1, 36 КО) кездесу өткізуі мүмкін. 




 

Метки:
Жаңалықтар