auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" бапкері Головкинмен кездесу туралы айтты. Жекпе-жектің шамамен қашан өтетіні де анықталды

"Канелоның" бапкері Головкинмен кездесу туралы айтты. Жекпе-жектің шамамен қашан өтетіні де анықталды
Сурет: DAZN

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO  белбеулерінің иегері Сауль "Канело" Альварес (58-1-2, 36 КО) келесі кездесуін орта салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) өткізуі мүмкін. Бұл туралы мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейноса мәлімдеді. 

Осыған дейін "Канело" қыркүйек айында жекпе-жек өткізуден бас тартты. Енді ол келесі айқасын қарашада өткізеді. Рейносаның айтуынша, келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін. 

Головкиннің промоутері "Канеломен" жекпе-жектің уақытын айтты

"2020 жылы біздің екінші орта салмақта барлық белбеуді біріктіру деген мақсат қойдық. Қазір бізге жетпей тұрған белбеу Плантта. Бірінші келіссөз тығырыққа тіреліп қалды. Енді тағы бір рет келіссөз өткіземіз. Бірақ келесі қарсылас басқа боксшы да болуы мүмкін. Олардың қатарында Плант, Бивол және Геннадий Головкин бар. Барлығы мүмкін. Бір нәрсе анық. Ол жыл соңына дейін Саульдің рингке қайта оралатыны", - деді Рейносо RingTV арнасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Альварес 18 қыркүйек күні екінші орта салмақтағы IBF белбеуінің иегері Калеб Планта қарсы кездесу өткізгісі келген. Бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталды. Сөйтіп "Канелоны" жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен кездесу өткізеді деген ақпарат шықты. Бұл жекпе-жек 172 фунт (78 кило) өтуі керек болатын. 

"Қысқа айтатын болсам, келіссөз қиындап кетті. Өйткені, біз алдымен Плантмен, кейін Биволмен келіссөз жүргіздік. Жекпе-жектің жарнамасын жасауға уақыт аз қалды. Апта соңына дейін барлық қағазға қол қойып үлгере алмайтынымызды білген соң, бәрін тоқтатып тастады. Енді "Канело" рингке қашан оралады? Біз қазанның төртінші аптасында немесе қараша айының басында кездесу өткізуге ниеттіміз", - деді бапкер. 

Чемпиондық титулдарды біріктіретін айқас. Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты бір шешімге келді

Плант пен "Канело" америкалықтың кездесулерін өткізетін Premier Boxing Champions компаниясының ұйымдастыруымен Fox арнасында ақылы өткізу керек болған. Бұл кездесу үшін Альварес өз карьерасындағы ең жоғарғы сыйақы - 40 миллион, ал Плант 10 миллион алу керек еді. Алайда Альварес келіссөзді тоқтатып тастаған. 

"Біз "Канело" екеуміз бір командамыз. Бір-бірімізге сенеміз. Бокста тек өзіміз үшін пайдалы шешімді қабылдаймыз. Эдди Хирнмен жұмыс істеген ұнайды. Дегенмен біздің нақты менеджеріміз жоқ. Top Rank басшысы Боб Аруммен, Premier Boxing Champions иегері Элл Хэймонмен же жұмыс істеуге дайынбыз. Қысқа қайырғанда, кім жақсы ұсыныс жасайды, сонымен іс қыламыз", - деді Рейносо. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама