"Канело" Альварес карьерасын қашан аяқтайынын нақты айтты

©FightHype.com

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) FightHype.com порталына берген сұқбатында карьерасын қашан аяқтайынын айтты. 

"37 жасымда карьерамды аяқтаймын деп ойлаймын. Бірақ ешкім ертең не боларын білмейді. Егер менің денсаулығым жақсы болса жұдырықсата беремін", - деді 31 жастағы боксшы. 

Айта кетейік, Сауль Альварес келесі кездесуін 7 мамыр күні өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Дмитрий Бивол болады. Ал осы айқастан кейін ол қыркүйекте Геннадий Головкинмен кездесу керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар