auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам - Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы мамандар пікірі екіге жарылды

Қанат Ислам - Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы мамандар пікірі екіге жарылды
©Vesti.kz

Ресейлік бокс сарапшысы Александр Беленький қазақстандық Қанат Ислам мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасында жекпе-жек өтуі мүмкін деген қауесетті өсек-аяң деп атады. Оның Vesti.kz басылымына берген сұхбатына қарағанда, америкалықтарды Қанат Ислам қызықтырмайды.

"Бүгінде бұл туралы көп мәлімет айта алмайсың. Сондықтан да қысқаша ғана айтайын. Меніңше, бұл өсек-аяң. Сауль Альвареске АҚШ-та ешкім танымайтын қарсылас керек емес. Расында да бұл жекпе-жек күмән келтіреді", - деді ресейлік Александр Беленький.

Ал қазақстандық белгілі промоутер, ҚР Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің штаттан тыс кеңесшісі Болат Манкенов Vesti.kz басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін білдірді.

"Мен қауесеттерге мүлде сенбеймін. Мен бұл жекпе-жектің өтетініне қатты күмәнданамын. Барлығы қаржы мәселесіне тіреліп тұр. Егер де Қанат Исламның командасы жеткілікті қаражат тапса, Альварес бірден келіседі. Кәсіпқой бокс - ол бизнес", - деді Болат Манкенов. 

Сондай-ақ, қазақстандық промоутер жекпе-жек өтетін жағдайда кімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары екенін айтты. Оның айтуынша, Қанаттың тәжірибесі мол. "Менің ойымша, жекпе-жек қызықты өтер еді. Боксшылардың жеңіске жету мүмкіндігі 50 де 50", - деді Манкенов. 

Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді. Осыдан кейін ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірген еді. "Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", - деп атап өтті Стангрит.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/kanat-islam-saul-alvares-jekpe-jeg-jaylyi-mamandar-pkr-ekge-276357/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама