Қамшыбек Қоңқабаев Головкин - "Канело" айқасында кім жеңетінін айтты

©HBO

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесуге қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері 17 қыркүйекте болатын кездесуді күллі әлем күтіп отырғанын және кімнің фоварит екенін айтты. 

"Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесуді күллі әлем күтіп отыр. Бірақ мен бұл кездесуге болжам айтпаймын. Дегенмен де бұл айқаста Геннадий Головкин жеңіске жетеді дегенге сенемін", - деп жазды Қоңқабаев Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, трилогия Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар