Жарақатына байланысты біраз уақыт жекпе-жек өткізбеген Садриддин Ахмедов жаттығуға кірісті

©instagram.com/sadriddin_____soq

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) біраз уақыт үзілістен кейін келесі кездесуін өткізу үшін жаттығуға қайта кірісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желісінде Ахмедов дайындығының видеосын салып, "Жаттығуға кірістік", - деп жазба қалдырды. 

Айта кетейік, Ахмедов соңғы мәрте шаршы алаңға 2021 жылдың 29 қаңтарында шықты. Ол кезде отандасымыз төрешілер шешімі бойынша нидерландық Стивен Даньоны (20-4-3, 7 КО) жеңді. Кейін Ахмедов жарақат алып, сол уақыттан бері әлі жаттығу өткізбеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар