auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жанқош Тұраровқа НВО ұсыныс жасады

Жанқош Тұраровқа НВО ұсыныс жасады
zhusan.kz/Женис Ыскабай
Қазақ кәсіпқой боксшысы Жанқош Тұраровқа НВО ұсынысы түсті. Бұл туралы бүгін боксшының промоутері Нельсон Лопес айтты.

- Біз 9 қыркүйек күні Астанада екі чемпиондық жекпе-жек өткізуді жоспарлаған едік. Қанат Ислам мен Брэндон Кук бірінші орта  салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атақтарына таласса, Жанқош Тұраров та чемпиондық жекпе-жек өткізсе деп едік. Бірақ Жанқоштың қарсыласының салмағы сәйкес келмеді. Нәтижесінде кәдуілгі кездесу болып қала берді.

Дегенмен бізге НВО-дан ұсыныс түсті. Олар Жанқош Тұраровты өз бокс кештерінде көргісі келеді. Алдағы уақытта Жанқоштың чемпион атануға қабілеті жететінін көріп жүрміз. Ол – еңбекқор боксшы, - деді мексикалық промоутер.

9 қыркүйектегі бокс кеші Астанадағы республикалық "Сарыарқа" велотрегі кешенінде өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінің андеркардында Қанат пен Жанқоштан өзге 7 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар — Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2 КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3 КО), Әли Ахмедов (7-0,5 КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6 КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1 КО). Барлық боксшыларымыз осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілмеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама