auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Хосе Наполестен бастап Головкинге дейін. Кәсіпқой бокста P4P рейтингі қалай өзгерді

Хосе Наполестен бастап Головкинге дейін. Кәсіпқой бокста P4P рейтингі қалай өзгерді
P4P рейтингінде ең үздік боксшыларының тізімін жасау әрқашанда дауға ұласатын. Мамандар арнайы бір ереже немесе формула бойынша ең үздікті анықтай алмайды. Өткен заманда бір нақты көшбасшы боксшыны анықтау оңай болған. 

WBN порталының редакциясы өткенге оралып, 1970 жылдан бастап (P4P) ең үздік боксшыларды жариялады. 


Хоcе Наполес

Бұл тізімге бірінші болып Хоcе Наполес бастап тұр. Ол кубалық болып шыққан, себебі Фидель Кастро 1961 жылдан бастап аралда кәсіпқой боксқа тыйым салған. Наполес Кубадан кетіп, Мексикаға орныққан. 

1969 жылы боксшы америкалық Кертис Коксты екі рет жеңіп, WBC және WBA титулдарын жеңіп алған. The Ring басылымы оған жыл боксшысы атағын берді. Ал 1970 жылы Наполес салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік боксшы атанды. 



Джо Фрейзер

Ол көп уақыт бойы көшбасшы бола алмады - сол жылдың желтоқсанына дейін. Билли Бакусу жеңіліп қалғаннан кейін, біріншілікке Джо Фрейзер шықты. Наполес 1971 жылы рейтингтің басына қайта шықты. Теке-тірес соңында Фрейзер жеңіп, 1973 жылға дейін лидер болды. Алайда Джордж Форман екінші раундта Фрейзерді нокаутқа түсіргеннен кейін, ол атағынан айырылды. 



Мұхаммед Али

1974 жылы Мұхаммед Алидің дәуірі басталды. Форманмен бір кездесуде "Ұлы" боксшы нокаутқа түсірді. Бірақ Мқхаммед Али бірден біріншілікке шыға алмады. Форманды осылайша жеңуі оның ғаламшарға көтергендей болды. Барлық басылымдар оған жаңа есімдер беріп жатты. Ол көшбасшылықты төрт жыл ұстады. 



Шугар Рэй Леонард

1980 жылы "Ұлы" боксшы құлады. Жаңа король - Шугар Рэй Леонард.

1982 жылға дейін ең мықты атағын осы азамат иеленіп келді. Оны Марвин Хаглер ауытырды. Хаглер бес жыл бойы ең үздік боксшы болып келді. 1987 жылы Шугар Рэй Леонард титулдық атағын өзіне қайтарып алды. 



Майк Тайсон

Сол жылы америкалық Майк Тайсон Шугар Рэйді және осы орынға үміткерлерді жылы орнынан жылжытты. Тайсон 1987 жылы ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпион атанды. Бокс тарихында қолынан осындай іс келген ең жас боксшы атағын да иеленді. 



Хулио Сезар Чавес 

1990 жылы "ең үздік" атағын Пернелл Уитакер (АҚШ) мен Хулио Сезар Чавеске (Мексика) берілді. Чавес үш жыл біріншілікте болды. Одан кейін, америкалық Риддик Боу, ал быр жылдан соң тағы бір америкалық Эвандер Холифилд біріншілікке шықты. 

1994 жылы Уитакер камбэк жасады. Боксшы өзіне сенімді болғаны сонша, ол үш жыл қатарынан осы атақты ешкімге бермеді. Үш жылдан соң жаңа лидер пайда болды - Оскар Де Ла Хойя.



Оскар Де Ла Хойя

Оскар Де Ла Хойя 99 жылға дейін ел аузында жүрді. Бұл жылы басылым Феликс Тринидадты (Пуэрто-Рико) төрге шығарды. Екі жыл өткеннен соң оның орнына  Бернард Хопкинс келді. 

Ары қарай, WBN "ең мықтыны" кіші Рой Джонсқа (АҚШ) берді. Ол 2005 жылға дейін көшбасшылықта болды. Осы кезден бастап ел назары тағы бір америкалық боксшы Флойд Мейвезерге ауды. 



Кіші Флойд Мейвезер 

2010 жылы басылым ең үздік деп Мэнни Пакьяоны таныды. Алайда  Флойд бір жыл өтпестен өзіне тиесілі атақты қайтарып алып, 2016 жылға дейін тұрды. Өткен жылдың басында ең үздік боксшы Роман Гонсалес (Никарагуа) атанса, соңына қарай және 2017 жылдың басында Андре Уорд біріншілікке шықты. 

Қыркүйекте Уорд спорттан кететіні жайлы мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта тең құқылы "король" - Геннадий Головкин.

Геннадий Головкин

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама