auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің промоутері жанкүйерлерді Лас-Вегаста билеттерді кері қайтармауға шақырды

Головкиннің промоутері жанкүйерлерді Лас-Вегаста билеттерді кері қайтармауға шақырды
©: HBO
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының Лас-Вегастағы жекпе-жегін тамашалауды жоспарлап отырған жанкүйерлерге билеттерін кері қайтармауға шақырды, деп хабарлайды ESPN порталы. 

"Синко де Майо күні (5-мамыр) Лас-Вегасқа ұшаққа тапсырыс беріп, GGG жекпе-жегін тамашалауды жоспарлаған барлық жанкүйерлерді билеттерін кері қайтармауды сұраймын. Себебі, біз 5-мамыр күні Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастырамыз. Мейлі ол "Канелоға" қарсы жекпе-жек болмаса да", - дейді Леффлер. 

"Біз қазір барлық нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Әрине жанкүйерлердің ең асыға күтіп жүрген жекпе-жегі GGG-"Канело" арасындағы айқас еді. Егер біз бұл кездесуді ұйымдастыра алмасақ та, Головкин жекпе-жек өткізгісі келеді. Бірақ қарсылас анықталмады",- деді промоутер. 

Еске салайық, 27-наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10-сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18-сәуірге ауыстырылды.

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5-мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама