Головкиннің бұрынғы бапкері "Канелоны" жеңе алатын жалғыз боксшыны айтты

бель Санчес. Сурет: boxingscene.com©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті жеңе алатын жалғыз боксшыны айтты. 

"Бұл салмақта "Канелоны" жеңе алатын жалғыз боксшы бар. Ол Дэвид Бенавидес деген жас жігіт. Оның жас кезі есімде. Головкинмен спарринг өткізді. Ол Геннадийдің ең мықты спарринг қарсыласы болды. Бенавидес ол кезде әуесқой бокста өнер көрсетіп жүрген. Кәсіпқой боксқа үш-төрт жылдан кейін ғана ауысты. 

Сонымен қатар,мен Бенавидестің Wild card залында тәжірибелі боксшылармен спарринг жасағанын көрдім. Сол уақытта ол әлі толысқан, тәжірибелі боксшы емес еді. Қазір Давид біраз тәжірибе жинады. Өз салмағында ол біраз боксшыға қиындық туғызады. Оның ішінде "Канелоға" да оңай қарсылас болмайды. Давидтің қорғанысы мықты. Сонымен қатар, ол жұдырықтасу стилін оңай ауыстыра алады", - деп келтіреді Санчестің сөзін Boxinginsider.com порталы. 

Айта кетейік, "Канело" соңғы кездесуін британдық Каллум Смитке қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Ал Головкин Камил Шереметамен жолығып, жетінші раундта нокаутпен жеңді. 




 

Метки:
Жаңалықтар