Головкинмен кездесуге үміткер болған боксшылар бір-біріне қарсы шығу үшін келіссөз бастады

Хайме Мунгия. Фото: Boxingscene.com©
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) мен Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсон (21-2-1, 15 КО) кездесу өкізу үшін келіссөз бастады. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлап отыр.

Жекпе-жек 24 қазанда өтуі мүмкін. Бұл кездесуді DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, екі боксшыда да Golden Boy Promotions компаниясымен келісімшарты бар. Айқас орта салмақта өтуі ықтимал. 

23 жастағы Мунгия орта салмақта бір ғана кездесу өткізген. Ол биыл 11 қаңтарда ирландиялық Гэри О'Салливанмен (30-4, 21 КО) кездесіп, нокаутпен жеңіске жеткен. 

Ал 36 жастағы Джонсон болса соңғы рет өткен жылдың 18 шілдесінде жұдырықтасты. Ол кездесу ирландиялық Джейсон Куиглидан (18-1, 14 КО) үстем түскен еді. 

Джонсон негізі орта салмақта IBF белбеуінің басты үміткері болып, 2015 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге жақын болды. Бірақ ол жарақат алып қалды. Оның орнына Доминик Уэйд (20-1, 14 КО) шығып, Головкин оны екі раудта нокаутқа түсірді. 

2018 жылы қазақстандық боксшымен Мунгияға жұдырықтасуы керек еді. Бірақ бұл кездесуге Калифорнияның атлетикалық комиссиясы рұқсат бермеді. Себебі, ол кезде Мунгия әлі тәжірибесіз болатын. 






Метки:
Жаңалықтар