Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұқбатында отандасымыз егер мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жекпен келісе алмаса, қосалқы жоспары бар екенін айтты.
Леффлердің айтуынша, олар орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) тамыз айына келісіп қойыпты.
Бірақ Головкиннің командасы "Канеломен" кездесуге келісті. Олардың кездесуі 15 қыркүйек күні бірінші жекпе-жек өткен Лас-Вегастағы (Невада штаты) T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Айқасты НВО арнасы ақылы (PPV) жүйе бойынша көрсетеді.
"Күннің ортасында "Канеломен" келіспеген еді. Сол үшін Сондреспен келіссөз бастауға кіріскенбіз. Біз Билли Джомен тамыз айында жекпе-жек өткізуге келісіп те қойдық. Бірақ біз британдық боксшының командасына "Канело" маңызды екенін ашық айттық. Дегенмен де Головкин Билли Джомен де кездесуге дайын", - дейді Леффлер.
Еске салайық, Сондрес 23 маусым күні отандасы Мартин Мюррейге қарсы кездесуі керек болатын. Бірақ 3 маусым күні жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Дәл сол күні Сондерс Twitter парақшасында ескі шартты қабылдап, Головкинмен кездесуге дайын екенін жаздыү
Жарнама