auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу туралы келіссөздер Лемье мен Сондерс арасындағы жекпе-жектен кейін жалғасады

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу туралы келіссөздер Лемье мен Сондерс арасындағы жекпе-жектен кейін жалғасады
©:boxingscene.com
Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жұмыстарын жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшының орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздер қашан жалғасатынын айтты. 

Оның айтуынша, келіссөздер IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемье (38-3, 35 KO) мен орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) арасындағы 16 желтоқсан күні Канадада өтетін кездесуден кейін далғасады. Орайы түскенде айта кетейік, бүгінгі таңда орта салмақта абсолютті чемпионы болу үшін Головкинге Сондерсте жүрген WBO белбеуі ғана жетіспей тұр.

"Біз келіссөздерді Лемье мен Сондерс арасында өтетін кездесуден кейін жалғастырамыз. Барлығын зерттеп, сараптан өткіземіз. Бұл келіссөздер біраз уақытты талап етеді. Канадада өтетін кездесуде кейін командамен жиналып, не істейтінімізді анықтаймыз", - дейді Де Ла Хойя ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында. 

Де Ла Хойя сонымен қатар Головкинмен екінші кездесуді өткізуге келісімге келмесе, "Канелоның" келесі қарсыласы Лемье болуы мүмкін екенін де айтты.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін сақтап қалды. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама