"Головкин - басты жұлдыз". Исламның қарсыласы қазақ боксы және алдағы айқасқа дайындығы туралы

©Lucianno Signorelly

Орта салмақта өнер көрсететін аргентиналық боксшы Хавьер Франсиско Масьель (34-17, 24 КО) қазақстандық Қанат Исламды (28-1, 22 KO) жеңе алатынына сенімді. Бұл туралы боксшы Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты. 

Қанат Ислам мен Хавьер Франсиско Масьель  арасындағы жекпе-жек 7 қазан күні Плант-Сити қаласында өтеді. 

"Мен жекпе-жек туралы хабарламаны жуырда алдым. Соңғы рет шаршы алаңға екі ай бұрын шыққан едім. Бірақ алдағы айқасқа дайынмын. Жақсы нәтижеге қол жеткізем деген сенімдемін. Менің қарсыласым соңғы кездері жекпе-жекті өте сирек өткізуде. Оның жарақаты да көп. Соңғы кездесуінде жеңіліп қалды. Демек, оның да осал тұсы бар деген сөз. Маған тек өз мүмкіндігімді дұрыс пайдалану керек. 

Қазақстан - мықты боксшылардың отанды. Бұл елдің басты жұлдызы - Геннадий Головкин. Ол әлем боксындағы басты жұлдыздардың бірі. Менің ойымша, Головкин - көптеген жастардың үлгі тұтатын тұлғасы. Маған оның стилі ұнайды. GGG қарсыластарын қоғадай жапыратын боксшы", - деді Масьель. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар