auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Геннадий Головкин жаттығу жұмыстарына қашан кірісетінін айтып берді

Геннадий Головкин жаттығу жұмыстарына қашан кірісетінін айтып берді
©: vk.com/ggolovkin
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring журналына берген сұқбатында жаттығу жұмыстарын қашан бастайтынын айтып берді. 

Сұқбат әлі толық шыққан жоқ. Бірақ RingTV және UCNLive тілшісі Стив Ким өзінің твиттер парақшасында сұқбаттың кейбір бөлігін жариялады. 

"Головкин бізге Big Bear жаттығу базасына желтоқсан айында оралып, бірнеше апта жаттығу жасайтынын айтты. Ол залға командасының қасында болуы керек екенін де тілге тиек етті", - деп жазды Ким твиттер парақшасында. 

Сонымен қатар тілшінің айтуынша, Головкин жуық арада карьерасын аяқтамай, жылына үш не төрт кездесу өткізгісі келеді екен. 

Головкиннің The Ring журналына берген сұқбаты туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер айтты. Әңгіменің тұздығы Головкиннің Кимнің сұрақтарына ағылшын тілінде емес, орыс тілінде жауап бергені болған.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін сақтап қалды. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. 

Дегенмен де Головкин "Канеломен" өтетін кездесудің алдында, яғни осы жылдың соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі әбден ықтимал. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама