Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымыздың Хэллоуин мерекесін қалай тойлағаны туралы айтты.
"Хэллоуин-2017 мерекесін Өрмекші адам және Супермен болып тойладық", - деп жазды Леффлер твиттер парақшасында Головкин мен суперқаһарманның суретін салып. Бірақ, суретте көрініп тұрғандай Головкинге қаһарман болуы үшін арнайы костюмнің керегі жоқ секілді.
Өз кезегінде Головкин көпшілікті өзінің Instagram әлеуметтік желісі арқылы құттықтады. "Менің жаңа спарринг қарсыласыммен. Хэллоуин мерекесін жақсы тойлаңыздар!", - деп жазды қазақстандық боксшы.
Айта кетейік, Хэллоуин мерекесін ағылшын тілді елдерде 31 қазан күні тойлайды.
Жарнама