Флойд Мейвезердің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

©champinon.info

Бес салмақ бойынша әлемнің чемпионы болған америкалық боксшы Флойд Мейвезер келесі кездесуін бокс ерешесі бойынша жапониялық файтер Микуру Асакураға қарсы өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 25 қыркүйек күні Сайтамадағы (Жапония) Saitama Super Arena кешенінде өтеді деп жоспарлануда. 

45 жастағы Мейвезер кәсіпқой бокста 50 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 27 кездесуде ол қарсыластарын нокаутпен жеңген. Ал 30 жастағы Асакура аралас жекпе-жекте 16 мәрте жеңіске жетсе, 3 рет жеңілген. 

Америкалық соңғы рет мамыр айында Абу-Даби қаласында отандасы Дон Мурмен жұдырықтасты. Сегіз раундқа жоспарланған ол айқастың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар