Еуропа чемпионымен. Головкин келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақыты белгіленді

© boxingscene.com
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі кездесуін поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) өткізеді, - деп хабарлайды BoxingScene.

Дереккөз мәліметінше, 37 жастағы Головкин мен 30 жастағы Шеремета арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтеді, онда үлкен польшалық диаспора бар. Қос боксшының жұдырықтасуы 28 наурызға белгіленген.

Басқа бір мәліметтер бойынша, GGG шаршы алаңға тек сәуірде не мамырда оралады, Головкин келесі кездесуіне дайындықты бастап кетті.

Головкин де Шеремета да соңғы рет қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Поляк андеркартта мексикалық Оскар Кортесті (27-5, 14 КО) нокаутқа түсірді, ал қазақстандық төрешілер шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, екі белбеуді қанжығасына байлады.
Жаңалықтар