Есін жия алмады. Холифилдтің ұлы кәсіпқой бокста бірінші рет жеңілді

©Видеодан алынған кадр

Эван Холифилд кәсіпқой бокста бірінші рет жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Атақты Эвандер Холифилдтің ұлы Инглвуд (Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ) қаласындағы бокс кешінде өнер көрсетті. 

Америкалық боксшының қарсыласы Джермейн Макдональд болды. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті. 

Алты раундта жоспарланған айқастың екінші кезеңінде Холифилд қарсыласының ауыр хук соққысын өткізіп, есін жия алмады. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты кездесуінде ресейлік Сергей Ковалев болгариялық Тервел Пулевпен кездеседі. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар