"Екі есе басым болған". "Канело" мен Бивол арасыдағы айқаста қанша соққы жасалғаны анықталды

©DAZN

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі үшін өткен ресейлік Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кездесудегі соққылардың статистикасы шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Compubox ақпараты бойынша Бивол бұл кездесуде жалпы 710 соққы жасаған. Оның 152 дәл тиген. Дмитрий 418 джеб, 212 ауыр соққы орындған. Ал Альварес болса 495 соққы жасап, оның 84 Биволға тиген. Мексикалықтың еншісінде 229 джеб және 266 ауыр соққы бар. 

 

Еске салайық, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Сауль "Канело" Альварес карьерасында екінші мәрте жеңілді. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. "Канело" ең бірінші рет 2013 жылы Флойд Мейвезерден ұтылған еді. Ал бүгін болған айқаста ол 113-115 есебімен есе жіберді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар