Орта салмақта WBC белбеуі үшін өтетін украиналық Сергей Деревянченко мен америкалық Джермалл Чарло арасындағы кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді,- деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.
Бұл боксшы кеші 26 қыркүйек күні АҚШ-та өтеді. Қазақстанда тікелей эфир 27 қыркүйек күні таңғы 07:00-де басталады.
Айта кетейік, Чарло орта салмақта WBC белбеуінің иегері. Ал Деревянченко болса өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың қазанында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.
Жарнама