Деметриус Андраденің орнына Жәнібек Әлімханұлына басқа қарсылас табылды

©©Matchroom Boxing

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) бос қалған WBO белбеуі үшін бразилиялық Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО)  жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Lukie Boxing подкастының авторы Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, 28 жастағы қазақстандық пен 32 жастағы бразилиялық арасындағы айқас қызық болады. Екі боксшы да жеңілістің кермек дәмін таптаған. Екеуі де чемпиондық белбеуден үмітті. 

"Шынында біз Жәнібек Әлімханұлы мен Эскива Фалкао арасындағы бос қалған WBO белбеуіне айқасты көруіміз мүмкін. Біртүрлі, бірақ қызық айқас болады", - деп жазды автор. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар