Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесу туралы өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды
Boxing News 24.
"Әрине, Геннадий Альварестің допинг дауына қатысты өз ойлағаны бар шығар, ол айтып та жатыр. Алайда Сауль Головкинді өз сөзіне жауап бергізеді. Екі боксшыда жекпе-жек алдында біраз нәрсе айтып жатыр, сол себепті де қос боксшы шаршы алаңға шыға салысымен бірінші раундтан бастап бір бірінің басын жұлып алардай жұдырықтасатын болады. Бізді бірінші жекпе-жектің жалғасы күтіп тұрғанына сенімдімін", - дейді де ла Хойя
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.
Жарнама