Данияр Елеусінов намибиялық қарсыласы жайлы не дейді?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) 27 қараша күні жұдырықтасатын қарсыласы Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) жайлы пікір білдірді.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Бокс кеші көрсетілімін DAZN стримингтік сервисі таратады. Жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуі үшін жұдырықтасады.

- Индонго жұдырықтасуға келіскені үшін алғысымды білдіремін. Ол бұрынғы әлем чемпионы.

Бұл мен үшін жақсы бір жекпе-жек болмақ,  Hard Rock аренасынан тамаша шоу сыйлармыз. Мен өзімнің үздік боксшы екенімді көрсететін боламын, Индонго да көретін болады. Менің жанкүйерлеріме бұл шоу ұнайды деп ойлаймын, - деген Елеусінов Boxingscene.com-ғы сұхбатында.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде Дэниэль Джейкобс пен Габриэл Росадо жұдырықтасады. Бұл екеуі де кезінде отандасымыз Геннадий Головкинмен қолғап түйістіріп, жеңіліс тапқан боксшылар.
Метки:
Жаңалықтар