auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Данияр дұрыс жолды таңдады ма? Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты

Данияр дұрыс жолды таңдады ма? Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты
©Данияр Майлыбаев

2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты.

ВКонтакте желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" парақшасының таратқан мәліметі бойынша, Данияр Елеусінов жуырда ғана құрылған  "MJA Entertainment's" промоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасапты. Енді ол алдағы уақытта өз бағын кәсіпқой бокста сынап көрмек. Бірақ, боксшының бірінші жекпе-жегі қашан және кімге қарсы өтетіні белгісіз.

Әрине, бұл мәлімет көпшілікті таңқалдырғаны сөзсіз. Кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр дұрыс жолды таңдады ма? Қазақ боксының тарихын парақтайтын болсақ, Олимпиада ойындарын жеңіп, кәсіпқой боксқа ауысып, айтулы табысқа қол жеткізген бір ғана боксшы бар екенін көреміз. Ол – Василий Жиров. 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарынан кейін Жиров кәсіпқой бокстың қолғабын киген еді.

Бірақ, кәсіпқой бокстағы Жировтың жетістігі де керемет емес. Ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы және WBC тұжырымы бойынша Америка құрлығының чемпионы деген атаққа ие болды.

Данияр да тура Василий секілді 25 жасында кәсіпқой боксқа ауысып отыр. Сөзсіз, Елеусінов әуесқой бокста әлемдегі ең талантты боксшылардың бірі. Бірақ, Даниярға кәсіпқой боксқа өту ерте емес пе?

Дейтұрғанмен де, Елеусінов әуесқой бокстағы барлық турнирлерде топ жарды. Тарқатып айтсақ, 2013 жылы Аманда, 2015 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында үздік атанды. 2010 жылы Гуанджоуда, 2014 жылы Инчхонда болған Азия ойындарында алтын алды. 2013 жылы Алматы өткен әлем чемпионатында тұғырдың биігінен көрінсе, 2015 жылы Дохада өткен әлемдің додада күміс иеленді. Ал, оның басты жетістігі 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының алтыны еді. Сонымен қатар ол екі жыл қатарынан (2014,2015) әуесқой бокстағы әлемнің үздік былғары қолғап шебері атанды.

25 жасына дейін Данияр әуесқой бокста барлық табыстарға қол жеткізді. Мүмкін боксшымыз енді бұл нәтижелерді кәсіпқой бокста көрсеткісі келетін шығар. Біз тек Даниярға ақ жол тілеп, Головкиннің көрсеткішінен асып түскен сәтін асыға күтетін боламыз. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама