Чавес жақын арада Головкинмен кездесуге ниетті екенін мәлімдеді

Хулио Сезар Чавес. Сурет: allboxing.ru©
Кәсіпқой бокста әлемнің бұрынғы чемпионы болған кіші Хулио Сезар Чавес (51-5-1, 33 КО) алдағы уақытта қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) кездесу өткізуге ниетті екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды vRINGe.com порталы. 

Еске салайық, Чавес қыркүйек айының соңында Тихуана (Мексика) қаласында отандасы Марио Касареспен (12-0, 5 КО) кездесіп, жеңіліп қалды. Енді ол алдағы уақытта Мексикада тағы бір кездесу өткізіп, содан соң қазақстандық боксшымен кездескісі келетінін айтты. 

"Келесі жылы Головкинмен жұдырықтассам керемет болар еді. Біз керемет айқас ұйымдастыра алатын едік. Бұл кездесуге екеуміз де қызығушылық білдіріп отырмыз негізі. Сондықтан келісімге келе аламыз дей ойлаймын", - деді мексикалық боксшы. 

Жалпы Чавес өзінің соңғы төрт кездесуінің үшеуінде жеңіліп қалды. 




Метки:
Жаңалықтар