auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бекман Сойлыбаев WBC рейтингінің үздік 25 боксшысының қатарына кірді

Бекман Сойлыбаев WBC рейтингінің үздік 25 боксшысының қатарына кірді
Бекман Сойлыбаев. © diamondring.kz
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өздерінің жаңарған рейтингін жариялады. Солардың арасында қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4KO) екінші жеңіл салмақ дәрежесінде (130 фунт – 58,9 келі) ТОП-25 боксшының қатарына енді, - деп хабарлайды Diamondring.kz.

30 сәуір күні Мексикада чемпиондық жекпе-жегін өткізіп,  венесуэлалық Самуэл Гонсалесті жеңуі арқылы WBC International белбеуін жеңіп алған Бекман әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсарта алды. Қазір ол WBC тұжырымының екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде 25-орында.

Айтпақшы, оның келесі қарсыласы WBC International Silver белбеуінің иегері Горацио Кабрал (18-1-0, 8КО) да рейтингте әжептеуір жоғары өрледі. Бұған дейін 48-ші сатыда тұрған аргентиналық боксшы 24-ші орынға көтерілді. Екеуінің жекпе-жегі биыл қыркүйек айында өтеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокста 11 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соның төртеуінде қарсыластарын нокаутқа жіберген. Соңғы айқасын 30 сәуір күні Мексиканың Чиуауа қаласында өткізіп, екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама